Біз туралы

«Техэнергосервис 2014» ЖШС электр қосалқы станцияларға, кернеуі 35 кВ және жоғары классты электр таратудың әуе желілеріне, байланыстың талшықты-оптикалық желілеріне оперативті және пайдаланушылық-жөндеу бойынша қызмет көрсету бойынша жұмыстың үлкен өтіліне ие.

Оперативті-пайдаланушылық қызмет көрсету бойынша жұмыс құрамына кіреді:

  • Оперативті қызмет көрсету:
  • Электр қондырғының талап етілетін жұмыс режимін жүргізу;
  • Ауыстырып-қосуларды өндіру;
  • Жабдықтың тексерістері;
  • Жөндеу өндіруге дайындау (жұмыс орнын дайындау, рұқсат беру).
  • Пайдаланушылық қызмет көрсету
  • Энергожабдықты тағайындалуы бойынша пайдалану;
  • Энергожабдықтың резервте болуы.
  • Электр желілерге техникалық қызмет көрсету:
  • Әуе ЭБЖ-нің, трансформаторлық қосалқы станциялардың, үлестіру пункттерінің, 0,38-6 кВ үлестіру желілерінің немесе олардың құрама бөлшектерінің жұмыс істеу қабілетін және жарамдылығын сақтау.
  • Өндіруші зауыт нұсқамаларымен сәйкес жоспарлы-профилактикалық жөндеу.

Серіктестіктің иелігінде аталмыш жұмыстарды орындау үшін білікті персоналы бар және қазіргі уақытта «Ақтоғай КБК-ның электрмен қамту сұлбасына» пайдаланушылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, оның құрамына жалпы ұзындығы 1500 км  220кВ ВЛ кіреді, орнатылған автотрансформаторларының қосынды қуаты 526 мВА, ол «Қазақстан-Қытай құбыржолы» мұнай айдаушы станциясы, Балқаш электр-желі ауданы сияқты өнеркәсіптік тұтынушыларды электрмен қамту үшін арналған.

Қуаттылығы 200 мВА-ға дейінгі автотрансформаторлары, реакторлары және т.б. бар 220 кВ трансформаторлық қосалқы станцияларға қызмет көрсету. 

Жоғарыда аталғандармен қатар, желілер мен қосалқы станциялардың электр жабдығына, күш трансформаторларына күрделі жөндеу өткізу, энергетикалық объектілердің жаңа құрылысына инженерлік ілесу мүмкіндігіне иеміз. 

Серіктестік 3-ші категориялы СМР лицензиясына ие, ол электрберіліс желілерінің және кернеуі 35 кВ және олан да аз, кернеуі 35 кВ-дан жоғары 220 кВ-ға дейін және одан да көп электржелі шаруашылығының басқа да объектілерінің құрылысы кезінде субмердігерлік  жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.